Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (8)

Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым

Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым,
Қондырмаймын десе де болмай қондым.
Ат жемін қонақ ед деп бермеген соң,
Тақыр жерге иірген қойдай болдым.

Толық

Керілген етек жақсы керме қастан

Керілген етек жақсы керме қастан,
Шөп шығар, жаңбыр жауса, қара тастан.
Дәулетке ерге біткен едіреңдеп,
Көзіңе көрінбейді жер мен аспан.

Толық

Сен едің Рысқұлбек бұлғақтаған

Сен едің Рысқұлбек бұлғақтаған,
Көргенше болдым ғашық шырақтаған.
Құсындай ителгінің теуіп өткен,
Бар екен бір мінезің шұнақтаған.

Толық

Ішпеймін қымызыңды, шөлдесем де

Ішпеймін қымызыңды, шөлдесем де,
өзіңді білуші едім көрмесем де.
Қазақтың алыспаған еншісі бар,
Ештеме алып, ештеме бермесем де.

Толық

Енесі жүдеп, нашарлап

Енесі жүдеп, нашарлап,
Ертелеп туған төл ғаріп.
Ауадан жауын кем болса,
От шықпай қалса, жер ғаріп.

Толық

Майлы, Майлы десе де май болмадың

Майлы, Майлы десе де май болмадың,
Ат пен түйе алсаң да бай болмадың.
Би болмай, батыр болмай, дүние іздеп,
Сонда да төрт түлікке сай болмадың.

Толық

Адамзат келер-кетер, жүзге келер

Адамзат келер-кетер, жүзге келер,
Бәрібір үйде өлсең де, түзге көмер
Қайыр-қош, аман боп тұр, қайран елім,
Ағайын енді қайда бізге келер.

Толық

Әңгімесін естісең

Әңгімесін естісең,
Жаһаннан асқан ұлама.
Қылған ісін байқасаң,
Батқандай белден күнәға.

Толық